ШЫМКЕНТТЕ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
57

Басқосу барысында елдің рухани дамуы мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі мәдениет саласының рөліне ерекше назар аударылып, сала қызметкерлеріне жүктелетін міндеттердің ауқымдылығы атап өтілді.


ШЫМКЕНТТЕ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласында мәдениет саласының өкілдерімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.

Маңызды басқосуға Қазақстан Республикасы Ұлттық құрылтайының I шақырылым депутаты Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы, «Қазақстан Халық Кеңесінің» мүшесі Сатыбалды Телағысұлы Дәулеталин және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Әлішерұлы Жүсіпов қатысты.
Жиынға Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынбасарұлы Орынтаев модераторлық етті.
Кездесу барысында Президент Жолдауында айқындалған ел дамуының стратегиялық бағыттары мен алдағы кезеңге қойылған міндеттер кеңінен талқыланды.

Атап айтқанда, еліміздің экономикалық әлеуетін нығайту, өндірістік мүмкіндіктерді кеңейту, көлік инфрақұрылымын дамыту, өңірлердің өркендеуіне жағдай жасау, ауыл шаруашылығын қолдау, цифрлық экономиканы қалыптастыру және инвестициялық тартымдылықты арттыру мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының келесі жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялау бастамасы сөз болды.
Басқосу барысында елдің рухани дамуы мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі мәдениет саласының рөліне ерекше назар аударылып, сала қызметкерлеріне жүктелетін міндеттердің ауқымдылығы атап өтілді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы Жолдауын талқылауға арналған кездесулердің алғашқы легі Шымкент қалалық Өзбек драма театрында, Перинаталдық орталықта, Қаратау ауданы әкімдігінде және Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханада өтті.

Бөлісу