Алматы облысында 33 мың адамға арналған атом қалашығы салынады

0
113

Болашақ қалашықта тұрғындарға қажетті барлық инфрақұрылым, сондай-ақ атом саласына мамандар даярлайтын орталықтар болады.


Алматы облысында 33 мың адамға арналған атом қалашығы салынады

фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

ERNUR.KZ. Екі атом электр станциясы салынатын Алматы облысындағы Үлкен ауылында 33 мың тұрғынға арналған жаңа атом қалашығы бой көтереді, деп жазады sputnik.kz.
Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің мәліметінше, болашақ қалашықта тұрғындарға қажетті барлық инфрақұрылым, сондай-ақ атом саласына мамандар даярлайтын орталықтар болады.
Жоба атом энергетикасы саласында жұмыс істейтін мамандардың тұруына және кәсіби даярлығына қажетті жағдай жасауға бағытталған.
Айта кетері, Үлкен – Алматы облысында, Балқаш көлінің жағасында орналасқан елді мекен. Мұнда Қазақстанның екі атом электр станциясын салу жоспарланған.