Қалған 30 пайызы кезекте тұрғандар арасында бөлінеді.
Фото: оtbasybank.kz
ERNUR.KZ. 9-15 қараша аралығында тұрғын үй кезегінде тұрған Қарағанды тұрғындары жылдық мөлшерлемесі 5 пайызды құрайтын субсидияланған ипотекаға өтінім бере алады. Таңдауға 270-тен аса пәтер ұсынылған, деп жазады tengrinews.kz.
Жылына бес пайыздық ипотека: Қарағандыдағы қай тұрғын үй кешендерінен пәтер алуға болады?
Ең көп пәтер - 186 пәтер - қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде, Момышұлы мен Тәттімбет көшелерінің қиылысына жақын жерде 2014 жылы құрылысы басталған "Трилистник" тұрғын үй кешенінен беріледі. Әшімов көшесіндегі №20 үй 2026 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілді.
"Тұрғын үйдің бір шаршы метрі - таза әрлеуде 310 000 теңге. Кешен аумағында заманауи сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылған. Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары аяқталды, сондай-ақ көлік жолдары мен жаяу жүргінші жолдары төселді. Мұнда ыңғайлы автотұрақ орындары, балалар ойын алаңдары және арнайы демалыс аймақтары қарастырылған. Жақын жерде сауда орталықтары, түрлі дүкендер, спорт кешені, мектептер мен балабақшалар орналасқан", - деп хабарлады Отбасы банк.
Пәтерлердің бағасы көлеміне қарай 11,4 миллионнан 26,3 миллион теңгеге дейін өседі.
Қалған 90 пәтер "Sarmat" тұрғын үй кешенінде, бірақ әртүрлі блокта орналасқан. Кешен 2025 жылы пайдалануға берілген. Ол Майқұдықтағы Голубые пруды шағынауданына жақын маңдағы жаңа "Мәңгілік" тұрғын үй алабында (067-ші орам) орналасқан.
"Sarmat-1" тұрғын үй кешенінде баспана кезегінде тұрған азаматтар қолжетімді 40 пәтердің ішінен таңдау жасай алады.
"Тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны - таза әрлеуде 300 000 теңге. Sarmat - бизнес-класс сапасының элементтері бар, жаңа, "комфорт" класты тұрғын үй кешені. Кешен биіктігі алтыдан тоғыз қабатқа дейінгі төрт кірпіш ғимараттан, сондай-ақ қойма үй-жайлары мен ашық автотұрақтан тұрады", - деп хабарлады Отбасы банк.
Қарағандыда 5 пайыздық жеңілдетілген ипотекаға өтінім қабылдау басталды. Скриншот: otbasybank.kz
Пәтер бағасы 11,4 миллионнан 32,4 миллион теңгеге дейінгі аралықта болады. Өтінім оtbasybank сайтында беріледі, нысан коды - 10562.
№З блокта тура сол бағада 35 пәтер беріледі.Қарағандыда 5 пайыздық жеңілдетілген ипотекаға өтінім қабылдау басталды. Скриншот: otbasybank.kz
№2 блокта - 15 пәтер.
Кімдер бес пайыздық ипотекаға өтінім бере алады?
Пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі. Үміткерлерге қойылатын екі негізгі талап бар: олар тұрғын үйге мұқтаж ретінде ресми түрде тіркелген болуы тиіс және "Отбасы банктегі" шотта жылжымайтын мүлік құнының кемінде 10 пайызына тең бастапқы жарна болуы қажет.
"Қатысушылар тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелген күніне қарай іріктеледі. Егер тіркелген күндері сәйкес келсе, іріктеу otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталы арқылы қатысуға өтінім берілген күн мен уақытқа сәйкес жүзеге асырылады", - деп түсіндірді банк.
Берілетін пәтерлердің 70 пайызы осы санаттағы азаматтар арасында бөлінеді:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
- жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
- басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері;
- I және II топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
- мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- жесір әйелдер (тұл ер адамдар);
- "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;
- жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
Қалған 30 пайызы кезекте тұрғандар арасында бөлінеді.


