Көлігі жырадан табылған: Абай облысында жоғалған ер адам өлі табылды

0
133

Бұған дейін ер адам 2026 жылғы 4 қарашада үйінен шығып кеткені хабарланған болатын.


Көлігі жырадан табылған: Абай облысында жоғалған ер адам өлі табылды

Абай облысы ПД суреті

ERNUR.KZ. Абай облысында бірнеше күн бойы іздестірілген 44 жастағы Ринат Ахметов өлі табылды. Бұған дейін Бородулиха ауданында оның көлігі табылған болатын. Алдын ала болжам бойынша ер адам үсіп өлуі мүмкін, деп жазады tengrinews.kz.

11 қарашада сағат 15:40-та іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұған дейін іздеуде болған 1982 жылы туған Ринат Ахметовтің сүйегін тапқан.

Бұған дейін ер адам 2026 жылғы 4 қарашада үйінен шығып кеткені хабарланған болатын. Содан бері оның қайда екені белгісіз болды.

"Ер адамның сүйегі Бородулиха ауданындағы Нововасильевка ауылынан шамамен 35 шақырым жердегі даладан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша өлімге үсіп қалу себеп болуы мүмкін. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Абай облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Алдын ала нұсқалардың бірі бойынша 6 қарашада Ринат Ахметов Өскеменнен Семейге қайтып келе жатқанда, оның көлігі жол жиегіндегі орға түсіп кеткен болуы мүмкін. Ер адам өз бетінше шыға алмаған, көмек те шақыра алмаған. Болжам бойынша сол уақытта оның телефоны өшіп қалған. Біраз уақыттан кейін ол жаяу жолға шыққан.

Іздестіру жұмыстарына Абай облысы ПД-ның 60-тан аса полиция қызметкері, ЖҚАЖ сарбаздары, ТЖД қызметкерлері, әскери қызметшілер, еріктілер, сондай-ақ, Ринат Ахметовтің туыстары мен достары қатысты.

Іздестіру шараларына жергілікті тұрғындар да қосылды. Жету қиын жерлерді тексеру үшін техника қолданылды.