​Шымкентте ең үздік жүргізушілер марапатталды

0
48


​Шымкентте ең үздік жүргізушілер марапатталды

Шымкент қаласында қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында ерекше шара ұйымдастырылды.

Акция барысында жол ережелерін мінсіз сақтап жүрген қаладағы ең тәртіпті жүргізушілер анықталып, марапатқа ие болды.

Цифрлық жүйелер арқылы ұзақ уақыт бойы бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған, ең жауапты автокөлік жүргізушілері іріктелді. Күнделікті қозғалыста жүрсе де, ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеген бұл азаматтарға қалалық полиция департаментінің алғыс хаттары табысталды.
Мұндай бастамалар жүргізушілерді қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға ынталандырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол мәдениетін көтеруге бағытталған.
Бөлісу