​Қарашада Қазақстанда 8,9 мыңға жуық үйге табиғи газ тартылды

0
115

Күзгі-қысқы жылыту маусымы кезеңінде газды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету шаралары да жүргізіліп жатыр.


​Қарашада Қазақстанда 8,9 мыңға жуық үйге табиғи газ тартылды

ERNUR.KZ. «QazaqGaz Aimaq» АҚ қараша айында еліміздің бірнеше өңірінде газ тарту бойынша жобаларды іске асырды. Нәтижесінде 8,9 мыңға жуық үй шаруашылығы үшін табиғи газға қосылу мүмкін болды.

Атап айтқанда, Жетісу облысының төрт ауылында 8 684 адам тұратын 1 665 үй шаруашылығын газдандыруға жағдай жасалды. Қызылорда облысындағы 3 мыңнан астам адам тұратын Жанқожа батыр және Ү. Түктібаев ауылдарындағы 608 үй шаруашылығына табиғи газ тартылды. Сондай-ақ Түркістан облысының Қошқарата және Кеңсай ауылдарында 1,5 мыңға жуық адам тұратын 262 үй шаруашылығын газдандыруға қажетті жағдай жасалды.
Ал Қарағанды қаласында Таугүл және Күнгей шағын аудандарын газдандыруға арналған газ тарату желілерінің құрылысы аяқталды. Алтыншы іске қосу кешені аясында 201,1 км газ құбыры тартылып, төрт газ тарату пункті және 44 шкафтық газ реттеу нысаны орнатылды. Нәтижесінде 4 940 жеке тұрғын үй табиғи газға қосылды.
Сондай-ақ Жезқазған қаласындағы Батыс шағын ауданында 1 399 тұрғын үйді газ желісіне қосу жұмыстары басталды.
Күзгі-қысқы жылыту маусымы кезеңінде газды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету шаралары да жүргізіліп жатыр. Компанияның мәліметінше, 2026 жылы апаттық қызметке келіп түскен өтінімдер саны 2025 жылмен салыстырғанда 39%-ға азайған.