​ШЫМКЕНТ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

0
120

Іс-шара барысында саябақ аумағы қоқыстан тазартылып, санитарлық жұмыстар жүргізілді.


​ШЫМКЕНТ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында қоршаған ортаны қорғау, санитарлық тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында кезекті жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтті.


Сенбілік “Shym city” саябағы аумағында өткізіліп, оған қала тұрғындары мен түрлі мекеме қызметкерлері белсенді қатысты. Атап айтқанда, Ішкі саясат басқармасы және Өңірлік коммуникациялар қызметі КММ ұжымы да тазалық жұмыстарына атсалысып, қоғамдық орта тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

Іс-шара барысында саябақ аумағы қоқыстан тазартылып, санитарлық жұмыстар жүргізілді. Қатысушылар аумақты абаттандыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде атқарды.

Мұндай шаралар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, қала тазалығын сақтауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, экологиялық акциялар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.