ШЫМКЕНТ: еңбек құқықтарын қорғау және қауіпсіздікке басымдық берілді

0
121

Жалақы бойынша берешекті өтеу мәселесі де бақылауда.


ШЫМКЕНТ: еңбек құқықтарын қорғау және қауіпсіздікке басымдық берілді

2026 жылдың алғашқы 9 айында Шымкент қаласында еңбек заңнамасының сақталуы мен жұмыскерлердің құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Жеңіс Тіллабайұлы баяндады.

Есептік кезеңде жеке және заңды тұлғалардан еңбек қатынастары мен еңбек қауіпсіздігіне қатысты 2 810 жолданым қаралып, нәтижесінде 900 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды. Сонымен қатар, еңбек заңнамасының сақталуы бойынша 363 тексеру жүргізіліп, 385 заң бұзушылық анықталды. Оларды жою үшін 183 нұсқама беріліп, әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды.
Жалақы бойынша берешекті өтеу мәселесі де бақылауда. Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы нәтижесінде 86 кәсіпорыннан 2 824 жұмыскердің пайдасына жалақы берешегі өндіріліп, олардың еңбек құқықтары қалпына келтірілді. Еңбек қауіпсіздігі бойынша есептік кезеңде қалада 20 өндірістік жазатайым оқиға тіркеліп, 31 жұмыскер зардап шекті. Барлық оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізіліп, материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу, әсіресе құрылыс нысандарында қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жұмыс берушілермен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Атқарылып жатқан шаралардың негізгі мақсаты еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру.
Бөлісу