Қауіп аймағына тоғыз облыстың жекелеген аудандары кіретіні айтылды.
ERNUR.KZ. Өзбекстанда 11-12 қазанда қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Тау бөктері мен таулы аймақтарда бұл сел мен тасқынға әкелуі мүмкін, деп жазады baq.kz.
Өзгидромет мәліметінше, қауіп аймағына тоғыз облыстың жекелеген аудандары кіреді: Қашқадария, Сурхандария, Самарқанд, Науаи, Жызақ, Ташкент, Наманган, Ферғана және Әндіжан облыстары.
Сонымен қатар, нөсер жауын-шашынға байланысты кей жерлерде жаңбыр суы жиналып, су басу қаупі туындауы мүмкін.
Тау бөктері мен таулы аймақтар тұрғындарына, сондай-ақ тауға баруды жоспарлаған туристер мен жүргізушілерге болжамды ескеріп, сақтық шараларын сақтау ескертілді.
Ташкент облысында бұл ескерту, атап айтқанда, Ахангаран, Бостандық, Паркент, Пскент, Орташыршық және Жоғарғышыршық аудандарына, сондай-ақ Ангрен мен Алмалық қалаларына қатысты.


