ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: Егемендікке жету тарихы және ұлттық дамудың болашақ бағдары

0
103

Желтоқсаншылар, оқытушылар мен студенттер қатысып, тарихи кезеңнің ел болашағындағы маңызы сөз болды.


ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: Егемендікке жету тарихы және ұлттық дамудың болашақ бағдары

Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Ауыл» партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалы, Шымкент университетінің «Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі» департаменті, «Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар» факультеті мен «Құқық және тарих» кафедрасы бірлесіп, ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз Қазақстан: егемендікке жету тарихы және ұлттық дамудың болашақ бағдары» атты салтанатты жиын өткізді.


Іс-шараға желтоқсаншылар, оқытушылар мен студенттер қатысып, тарихи кезеңнің ел болашағындағы маңызы сөз болды.


Филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмуратов Төрегелді Оразалыұлы мазмұнды баяндама жасап, Тәуелсіздік жолында ерлік көрсеткен бірқатар Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға «Ауыл» партиясының 25 жылдық мерекелік медалін салтанатты түрде табыстады.


Бұл басқосу — Тәуелсіздіктің қадірін ұрпақ санасына сіңіріп, елдік рухты көтеруге бағытталған игі іс-шара болды.

Бөлісу