Құжат Әлеуметтік кодекстің 102 және 102-1-баптарына сәйкес әзірленген.
Фото: pexels
ERNUR.KZ. «Ашық Үкімет» порталында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Платформалық жұмыспен қамтуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасы әзірленді, деп жазады inform.kz.
Негіздемеде айтылғандай, бұл жобаны әзірлеуге платформалық жұмыспен қамту тәртібін біріздендіру, интернет-платформа операторлары, тапсырыс берушілер мен орындаушылар арасындағы қарым-қатынасты реттеу, сондай-ақ осы саладағы қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігі себеп болған.
Бұйрық жобасын қабылдау нәтижесінде:
— платформалық жұмыспен қамтуды жүзеге асырудың бірыңғай тәсілдері қалыптастырылады;
— интернет-платформалар арқылы жұмыс істеу шарттарының ашықтығы қамтамасыз етіледі;
— орындаушылардың интернет-платформаларды пайдалану шарттары туралы хабардар болу деңгейі артады.
Құжат 25 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.


