​«SHYMKENT MARATHON 2026»: бұқаралық жүгіру жарысына 7500-ге жуық адам қатыспақ

0
145

Жарыс Әл-Фараби алаңынан бастау алады.


​«SHYMKENT MARATHON 2026»: бұқаралық жүгіру жарысына 7500-ге жуық адам қатыспақ

13 қыркүйекте Шымкентте қала әкімдігінің қолдауымен бұқаралық жүгіру жарысы өтеді.

Марафонға Қазақстанның және шетелдің 120 қаласынан 7 500-ге жуық адам қатысуға өтініш білдірген. Жарыстың жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды.

Бүгін Шымкенттегі «Көрме орталығында» арнайы іс-шара ұйымдастырылып, қатысушыларға старттық пакеттер табысталды. Онда «SHYMKENT MARATHON 2026» логотипі бейнеленген жейде, шұлық және жарыс серіктестерінің сыйлықтары бар.
– Жүгірушілер алты бағыттың бірін таңдайды. Олар: 5, 10, 21 және 42 шақырым, Ekiden эстафетасы мен 5 шақырымдық скандинавиялық жүріс. Жеңімпаздарға ақшалай және демеушілердің бағалы сыйлықтары табысталатын болады. Айталық, 42,2 шақырымдық марафонның жүлдегеріне 1 миллион теңге, екінші орын иегеріне 800 мың теңге, үшінші орын алған спортшыға 600 мың теңге берілмек. Ал, 21,1 шақырымдық жартылай марафонда бірінші орынға — 600 мың, екінші орынға — 500 мың, үшінші орынға — 400 мың теңге көлемінде ақшалай сый-сияпат жасалады. Сонымен қатар, биылғы марафон бағдарламасында трасса рекордын жаңартқан қатысушыларға арнайы сыйақы қарастырылған, – дейді ұйымдастырушылар.
Жарыс Әл-Фараби алаңынан бастау алады. Оған қатысу ақылы түрде жүзеге асырылады. Ол үшін «SHYMKENT MARATHON» ресми сайты арқылы тіркелу қажет. «SHYMKENT MARATHON 2026» спортық іс-шарасын Royal Club Fitness, Kasiet Fitness және EVRIKA электроника гипермаркеттер желісі ұйымдастырып отыр. Марафонның бас серіктесі — Bank RBK.
Айта кетейік, марафонның ауқымы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Додада кәсіби спортшылар мен әуесқой жүгірушілерден бөлек, корпоративтік командалар және жүгіруді енді бастағандар да бақ сынай алады.
Бөлісу