​Табалдырықтағы КІЛЕМШЕ талай нәрсенің ТАҒДЫРЫН шешеді

0
189

Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді


​Табалдырықтағы КІЛЕМШЕ талай нәрсенің ТАҒДЫРЫН шешеді

Сурет: ЖИ

Фэн-шуй ілімінің қарапайым бір қағидасы бар: бір түс сәттілік шақырса, екіншісі үйдегі тәртіп пен үйлесімділікті бұзуы мүмкін. Мәселен, есік алдындағы кілемше түсі үйге береке, бақыт, ақша кіру-кірмеуіне әсерін тигізеді екен. Нақтырақ айтсақ, төсеніштің түсі мен есіктің бағытының сәйкестігі рөл ойнайды.

Фэн-шуй дәстүрінде есік үйге энергия кіретін негізгі орын саналады. Сондықтан оның айналасындағы заттарға да ерекше мән беріледі. Табалдырық арқылы үйге сәттілік, ақша, береке мен үйлесім келеді немесе керісінше, осы жерден сыртқа шығып кетеді деген түсінік бар.

Үйдің энергетикасын өзгерту үшін жөндеу жұмыстарын жүргізіп, күрделі рәсімдер жасаудың қажеті жоқ. Кей жағдайда кіреберіс кілемшесін ауыстырудың өзі жеткілікті.


Береке дұрыс таңдалған төсеніштен басталады

Біріншіден, ол кіреберістегі энергияны қарсы алатын алғашқы сүзгі ретінде қарастырылады.

Екіншіден, төсеніштің дұрыс таңдалмаған түсі интерьер қанша үйлесімді болғанымен, сәттілікке кедергі келтіруі мүмкін деген түсінік бар.

Үшіншіден, күрделі рәсімдерден айырмашылығы, төсенішті ауыстыру көп күшті немесе шығынды қажет етпейді және оны тез жасауға болады.


Қызыл, қызғылт сары, күлгін түстер

Оңтүстікке қараған есікке осы түстерден таңдаған дұрыс. Сәттілікті, белсенділікті және атақ-абыройды тартуға көмектеседі деген түсінік бар. Түсті шамадан тыс қанық етіп таңдамаған дұрыс. Өйткені тым ашық, қанық түс адамның мазасыздығы мен күйзелісін күшейтуі мүмкін. Сондықтан оны бейтарап реңктермен үйлестірген жөн.

Оңтүстікке арналған түстерді басқа бағыттағы есіктерге кездейсоқ қолданбау ұсынылады. Мысалы, Шығыс немесе Солтүстік бағыттағы есікке қызыл төсеніш қою фэн-шуйдегі элементтер арасындағы тепе-теңдікті бұзады деп есептеледі. Өйткені От элементі бұл бағыттардың элементтерімен үйлесе бермейді.


Қара, қою көк, көгілдір түстер

Бұл түстер солтүстікке қараған есікке сәйкес келеді. Мансаптың өсуіне, даналыққа және қаржылық мүмкіндіктердің артуына ықпал етеді деген түсінік бар. Қою көк пен көгілдір түс қараға қарағанда жұмсағырақ әсер етеді деп есептеледі. Сондықтан үйінде тұрақсыздық сезімі басым адамдар осы реңктерді таңдауға болады.

Оңтүстікке қара төсеніш қою ұсынылмайды. Мұндай үйлесім қаржыға кері әсер етуі мүмкін деген түсінік қалыптасқан.


Жасыл, көк түстер

Үйдің кіреберіс есігі шығыс пен оңтүстік-шығысқа бағытталған болса, кілемшені осы түстерден таңдау ұсынылады. Олар өсуге, денсаулыққа және жаңа бастамаларға қолдау береді деген түсінік бар. Шығыс бағытындағы есікке жасыл төсеніш қою өсу энергиясын күшейтеді деп есептеледі. Ал Оңтүстік-Шығыс бағытында жасыл түс қаржылық ағынды күшейтетін реңк ретінде қарастырылады.

Батыс бағытындағы есікке жасыл төсеніш қою ұсынылмайды. Ағаштың энергиясы Металды әлсіретеді деген түсінік бар.


Ақ, күміс, ашық сұр түстер

Батыс пен солтүстік-батысқа қараған есіктерге бірден-бір сәйкес түстер. Шығармашылықты, адамдармен байланысты және іскерлік жолдағы сәттілікті күшейтеді деп саналады. Егер үйдің интерьерінде жылы түстер көп болса, сұр төсеніш ақ түстің әсерін жұмсартып, кеңістікті үйлесімді ете алады.

Шығыс бағытындағы есікке ақ төсеніш қоюдан сақ болған жөн. Себебі фэн-шуй бойынша Металл Ағаштың энергиясын әлсіретеді. Ал бұл өз кезегінде дамудың баяулауына немесе тоқырауға әкелуі мүмкін деп түсіндіріледі.


Қоңыр, сары, сарғыш түстер

Оңтүстік-батыс, солтүстік-шығысқа қараған есік алдына төсеуге осы түстер қолайлы. Тұрақтылықты, қарым-қатынастағы үйлесімділікті және қорғанышты білдіреді. Кіреберіс бөлменің орталығына сары түсті төсеніш орналастыру кеңістіктің жалпы энергиясын күшейтеді деген түсінік бар.

Солтүстік бағыттағы есікке қоңыр төсеніш қою ұсынылмайды. Өйткені Жер элементі Суды «бөгейді» деген фэн-шуй қағидасы бар. Ал бұл қаржылық қиындықтарға әкелуі мүмкін деп түсіндіріледі.


Төсеніштің түсі өміріңізге қалай әсер етеді?

Егер төсеніштің түсі есіктің орналасқан бағытына сәйкес келмесе, фэн-шуй түсінігі бойынша бірнеше жағдайға тап болуыңыз мүмкін.

Мысалы:

  • Ақшаның үнемі жұмсала беруі
  • Жаңа мүмкіндіктердің азаюы
  • Үйдегі ретсіздік пен хаостың күшеюі

Фэн-шуйді ұстанатындар төсенішті дұрыс түске ауыстыру үйдегі кеңістіктің энергетикасымен жұмыс істеудің бір жолы деп қарайды. Тіпті фэн-шуйге сенбейтін адамның өзі үйдегі кейбір өзгерістерді сезінуі мүмкін. Мысалы, төсенішті ауыстырғаннан кейін 2–3 апта ішінде:

  • қаржыға байланысты ретсіздік азаюы;
  • маңызды шешімдер қабылдағанда өзіңізге деген сенімнің артуы;
  • үйдің кең әрі жайлы сезілуі;
  • көңіл-күйдің жақсаруы, т.с.с.

Әрине, мұның бәрін төсеніштің түсі өзгертті деп кесіп айта алмаймыз. Дегенмен үй интерьеріндегі өзгерістер адамның кеңістікті қабылдауына және көңіл-күйіне әсер етуі мүмкін.

Байқап көріңіз. Мүмкін, қарапайым ғана төсенішті ауыстырғаннан кейін үйіңізге деген көзқарасыңыз да өзгерер. Ал бір айдан кейін «Ақша бұрынғыдан жеңілірек келіп жатқандай» деп ойлап қалсаңыз, таңғалмаңыз.

Әрине, мұндай түсініктерге сену немесе сенбеу – әр адамның өз таңдауы. Кейде адамның өміріндегі өзгеріс өзі өмір сүріп жатқан кеңістікті басқаша қабылдаудан басталуы мүмкін.

Аударған: Х. ОРАЛ,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Кім бірінші кешірім сұрайды?

ЖАТТЫҒУ кезінде немесе ЖҮГІРГЕНДЕ бір бүйіріңіз ауыра ма?

Киноиндустрияда ЦИФРЛЫҚ АКТЕРлер мен РОБОТ-РЕЖИССЕРлер пайда болды