"Бірдеңе жеу үшін менен рұқсат сұрайды" - келіншек күйеуінің қылығын айтып берді

0
297


Сурет: sozcuo01.sozcucdn.com

Отбасы - қызық пен шыжыққа толы әлем. Басты кейіпкерлері ерлі-зайыптылар болса, қосалқы рөлдегі ата-ене, туған-туыс, дос-жаран, көрші-көлем қосылып, сан түрлі өмірлік қойылымдар орын алады. Айназым атты келіншек ERNUR.KZ оқырмандарымен өз жанұясындағы қызықты жайтпен бөліскісі келеді.


"Ол кезде әлі жас отбасымыз. Қонақ шақырғанбыз. Көп емес, екі отбасы ғана. Уақыты жақындай келе, олардың үйіне қонақ кеп қалып, бізге ерте келеді. Сонымен, шақырған төрт адамымыз тоғыз адамға айналды.

Мұндайда еркектердің ойына түк кіріп-шықпайды ғой. Абыржып, уайымдап, паника боп жүретін – әйел ғана. Менің күйеуімнің де қонақпен қонақ болып, олардан сәл-ақ ерте келіп, аспаннан түскендей боп отыратын әдеті бар. Мен болсам, «Тамағым аз еді, қонақтар тоймай қалатын болды. Осыдан ертең барып үлкен манты-қазан әкеп қоймасам» деп жүйкелеп жүрмін. Өйткені, тамақты кішкентай манты-қазанмен, бес-алты кісіге ғана шақтап дайындағам. Аз болсын деп емес, өзімде бар ыдыс сол.

Барын екі табаққа бөліп салып, ортаға әкелдім. Өз тамағымнан бір түйірі де өтер емес. Күйеуіме қарасам, қомағайланып жеп барады. Жайлап бір түрттім, аяқпен екі түрттім, көзіміз түйісіп қалғанда ымдаймын, түк түсінер емес. Бір кезде тоңазытқыштан сусын әкелуге шыққанында артынан ере шығып «Қонақтармен жағаласып, сонша жегенің не? Қоя тұрсай, ашсың ба?» деймін сыбырлай ұрсып.

«Ашпын ғой» дейді жұмыстан жаңа келген ол. «Аш болсаң, нан же, бауырсақ, салат же, тамақ жемей-ақ қойшы. Қонақтарға жетсін. Сосын қазір табақ босағанда «тағы әкел» деп тұрма, бар тамақ сол» деп мен де қоймаймын. Екеуміз ас бөлмеде сыбырлай ұрсып, сыбырмен келісімшартқа отырып алдық.

Содан бері қонақ шақырсақ, бірден «Айнаш, дастарханнан нені жеуге болмайды, айтып қой. Не жейін?» деп сұрайды. «Айналайын, бәрі жетеді, қалағаныңды жеші» десем де, қоймайды."