Дәрігерлер парацетамолды шамадан тыс қолдану өлімге әкелетінін ескертті

0
312

Мамандардың айтуынша, денсаулыққа қауіпті тағы бір дәрі – ибупрофен.


Дәрігерлер парацетамолды шамадан тыс қолдану өлімге әкелетінін ескертті

Фото: shutterstock.com

ERNUR.KZ. Дәрігерлер танымал дене қызуын төмендететін дәрінің қауіпті екенін ескертті, деп жазады stan.kz.

Испанияның жедел медициналық көмек қоғамының дәрігерлері кез келген ауру кезінде, тіпті суық тиюде де, өзін-өзі емдеумен айналыспауға шақырды.

Дәрігерлер парацетамолды шамадан тыс пайдаланудың бауыр жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін екенін, тіпті өлім қаупін арттыратынын да ескертті.

Мамандардың айтуынша, денсаулыққа қауіпті тағы бір дәрі – ибупрофен. Сонымен қатар, дәрігерлер соңғы кездері жастар арасында танымал болып кеткен потенцияны арттыруға арналған дәрілерді бақылаусыз қабылдаудан бас тартуды ұсынды.