Бұған дейін жаңа бақылау ережелері 2025 жылғы қыркүйектен бастап енгізілетіні хабарланған болатын.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте қазақстандықтардың мобильді аударымдарын бақылаудың жаңартылған ережелері 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетінін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.
Журналистер вице-министрге мобильді аударымдарды мониторингтеу бизнестің көлеңкеге кетуіне әкеле ме деген сұрақ қойды.
"Мен айта аламын, бізде қолма-қол емес төлемдердің көлемі жыл сайын өсіп келеді. Қазіргі уақытта жалпы айналым көлемінің 90% қолма-қол емес төлемдерге тиесілі. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Сондықтан “тоталды бақылау орнайды да, бәрі көлеңкеге кетеді” деген пікір қазіргі көрсеткішпен расталмайды. Ұлттық банкпен бірлесіп келісілген өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді", – деді Ержан Біржанов.
Бұған дейін жаңа бақылау ережелері 2025 жылғы қыркүйектен бастап енгізілетіні хабарланған болатын.
Қазіргі уақытта банктер салық органдарына азаматтардың мобильді аударымдары туралы ақпаратты қазақстандықтың шотына әр ай сайын үш ай қатарынан 100-ден астам әртүрлі адамнан ақша аударымы түссе береді.
Енді Қаржы министрлігі тексерудің жаңа өлшемін енгізуді ұйғарды. Егер осы 100 түрлі тұлғадан келген аударымдардың жалпы сомасы үш айда 12 ең төменгі жалақыдан (шамамен 1 млн теңгеден) асып кетсе, онда бұл операциялар да тексеріледі.