Тоғыз айда республика бойынша 12,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
фото: Sputnik/Ертай Сарбасов
ERNUR.KZ. Қазақстанның үш өңірінде құрылыс қарқыны баяулады. Бұл туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Астана мен Алматыда, сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Түркістан облыстарында құрылыс жұмыстарының көлемі өсті. Ал үл өңірде керісінше баяулап отыр.
"Құрылыс жұмыстары көлемінің төмендеуі Атырау және Абай облыстарында, Шымкент қаласында байқалды", - деді Амрин үкіметтің бүгінгі отырысында.
Жалпы, тоғыз айда республика бойынша 12,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың дәл сол кезеңінен 3,4%-ға артық.
"Ең жоғары көрсеткіштер Ұлытау, Алматы, Жетісу мен Түркістан облыстарында, Алматы қаласында байқалады", - деді вице-министр.
Айта кетері, 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,3 процентті құрады. Оған құрылыс саласы да өз үлесін қосты.