Трамп 17 қазанда Зеленскиймен кездесетінін растады

0
117

АҚШ президенті Дональд Трамп 17 қазанда Украина президенті Владимир Зеленскийді Ақ үйде қабылдауға ниетті екенін растады.


Трамп 17 қазанда Зеленскиймен кездесетінін растады

ERNUR.KZ. Бұл туралы ол Шарм-эш-Шейхтен Вашингтонға барар жолда журналистермен әңгіме барысында мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Алайда ол Украинаға америкалық Tomahawk зымырандарын жеткізу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бермей, бұл мәселені түсіндіруге келгенде үнсіз қалды.

Бұған дейін Financial Times газетінің журналисі Кристофер Миллер әлеуметтік желідегі жазбасында 17 қазанда Вашингтонда Трамп пен Зеленскийдің кездесуі жоспарланғанын үш дереккөз растағанын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ, Миллердің мәліметінше, өткен демалыс күндері Трамп пен Зеленский телефон арқылы сөйлесіп, Tomahawk зымырандарын Украинаға беру мәселесін талқылаған.

Осы аптада Вашингтонда украин делегациясы америкалық әріптестерімен бірқатар келіссөздер өткізеді деп күтілуде.