Қайғылы жағдай екі қабатты коттеджде орын алған.
Фото: Сюжет кадрларынан
ERNUR.KZ. Ақтөбеде көмірқышқыл газынан көз жұмған зейнеткер мен оның футболшы болған 15 жастағы немересі туралы спорт басқармасы айтып берді, деп жазады stan.kz.
Қайғылы жағдай екі қабатты коттеджде орын алған. Әжесі, ұлы мен 15 жастағы Арон Мұса өмір сүру белгілерінсіз табылған. Тергеушілер қазіргі таңда улану себебін анықтауда.
"Бір отбасының үш мүшесінің қаза табуына байланысты тергеу басталды. Газ жабдықтарына техникалық сараптама жүргізіліп жатыр. Оқиғаның нақты себебі мен мән-жайы анықталуда”, – Ақтөбе облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нариман Мұхтаров.
Отбасы бұл жағдайдан қатты соққы алған. Ал Аронның қандай бала болғанын жаттықтырушылары мен командаластары айтып берді. Ол жай ғана дарынды ойыншы емес еді. Арон команданың капитаны, сенім артқан жетекшісі болған. Арон – алты баланың тұңғышы. Атасы қайтыс болған соң, әжесіне көмектесу үшін сол үйге көшіп келген. Футбол оның тек қызығушылығы емес, өмірінің мәні, арманы болған.
"2022 жылдан бастап қарқынды дамып келе жатты. Өз жасындағы командаға капитан болып тағайындалды. Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына кандидат болған. Біз оны QJ лигасына ауыстырдық, негізгі құрамда ойнай бастады. Өте перспективалы жігіт еді", – деді "Ақтөбе" ФК басқарма төрағасы Санат Шалекенов.
Қайғылы жағдайдан кейін жергілікті билік аймақтағы барлық үйлердің жылыту жүйелерін жедел тексеруді бұйырды. Алдын ала мәлімет бойынша, себеп газ қондырғысының ақауы немесе оны дұрыс пайдаланбау. Апат болған үй автономды түрде жылытылған.
Әкімдік өкілдері марқұмдардың отбасына барлық қажетті материалдық та, психологиялық та көмектің көрсетілетінін айтты. Сонымен қатар, "Ақтөбе" футбол клубы Арон Мусаның отбасына көмек ретінде қаражат жинауда.
Айта кетсек, Арон "Ақтөбе" жасөспірімдер құрамында алғашқы ойынын 2 тамызда өткізген. Ал соңғы матчын бар болғаны екі апта бұрын, 4 қазанда ойнаған.
Еске салсақ, бұған дейін 15 жастағы "Ақтөбелік" футболисттің көз жұмғанынхабарлаған едік.