Тоқаев қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрген жастарға алғыс айтты

0
287


Тоқаев қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрген жастарға алғыс айтты

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Jasyl El ұйымының белсенділерімен әңгімелесіп, қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрген жастарға алғыс айтты, деп жазады Zakon.kz.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 11 қазанда "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына қатысты. Оның барысында Jasyl El ұйымының белсенділерімен әңгімелесті.

"Баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Бұл – өте қажетті жұмыс. Еліміз бен халқымыз үшін керек іс. Сондықтан Сіздерге табыс тілеймін. Істеріңіз сәтті болсын. Ең алдымен ниетіміз таза болуы керек. Отанымыз үшін қызмет етуге тиіспіз. Jasyl El ұйымының жұмысын қолдаймын. Жұмыстарыңыз өзге жастарға өнеге, олар Сіздерден үлгі алады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.