​Мына ЖЕТІ ауру мазалағанда АПЕЛЬСИН қабығын қолданыңыз

0
19 048

7 түрлі ауруды емдеуге болады.


​Мына ЖЕТІ ауру мазалағанда АПЕЛЬСИН қабығын қолданыңыз

фото: Яндекс.Дзен

Апельсин – хош иісті әрі дәмді жеміс. Сондай-ақ, керемет емдік қасиеті бар. Әсіресе қабығының пайдасы орасан екен. Бүгін сіздерге апельсин қабығының көмегімен емделетін 7 түрлі ауруды айтамыз. Егер сізді де осы аурулар мазалап жүрген болса, онда апельсин қабығынан дертіңізге дауа табыңыз.


АПЕЛЬСИН қабығы – А, Е, С және В тобындағы дәрумендердің қайнар көзі. Сонымен қатар, кальций, темір, магний, натрий, калий, фосфор, селен, магний, мырыш, мыс секілді минералдарға бай.


ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЙМЫЗ?

Алдымен ұрылмаған, қараймаған таза апельсинді таңдап аласыз. Сосын жылы сабынды сумен тазалап жуасыз. Артынан майлыққа қойып, жақсылап құрғатасыз. Енді апельсиннің қабығын мұқият аршып, таза майлыққа қоясыз. Қабық әбден кепкен кезде орташа көлемде текшелеп тураңыз немесе үккіштен көмегімен үгіңіз.

фото: byruss.com

1. ЖӨТЕЛДІ емдейді

Тамағыңыз жыбырлап, жөтеліп бастасаңыз. Суықтап қалсаңыз немесе тұмау тигізсеңіз, онда апельсин қабығын ем ретінде қолданыңыз. 1 стақан қайнаған суға 2 ас қасық қабықты салып, 5-7 минут тұндырасыз. Сосын сүзіп алып, ішіңіз.

Тіпті, жатын бөлмеңізге апельсин қабығын қойсаңыз да керемет әсер ететініне сеніңіз.


2. БАУЫРДЫ тазалайды

Апельсин қабығындағы эфир майы бауырды артық заттан тазартып, иммунитетті нығайтады әрі жүйке жүйесін тыныштандырады. Сонымен қатар, ұйқысыздық ауруына шалдыққандарға, стресс алғандарға ұйқыға жатар алдында 1 стақан апельсин қабығынан дайындалған шай ішуге кеңес береміз.


3. ҚЫЗУДЫ түсіреді

Дене қызуы кенеттен көтеріліп кететін кездер болады. Сол кезде қызу түсіретін дәрі таппай сан соғып қаламыз. Ендеше дәрі іздеп шабылғанша, апельсин қабығының тұнбасын ішіп, қызуды түсіріңіз. Ол үшін 1 стақан жылы ыстық суға 2 тілік апельсинді қабығымен салып, 40-45 минут тұндырып қойыңыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған сусынды ішесіз. Емді әр 1,5-2 сағат сайын қайталасаңыз қызу тез түседі, ағзадағы инфекция мен қажетсіз бактерия өледі. Бастысы, ағза әлсіремей, керісінше күш-қуат алады.

фото: e-w-e.ru

4. ТІСТІ ағартады

Апельсин қабығының ішкі жағымен тіс эмальін сүртсеңіз, бетіндегі қара, сары дақтан тазарады. Тістің сыртқы қабатын жақсартып, ауыздағы жағымсыз иісті кетіреді. Емді күніне 2-3 рет қайталап тұру керек. Қабықпен 5 минуттай сүрткен соң, артынан жылы сумен ауыз қуысын шаясыз.


5. СЕМІЗДІКПЕН күреседі

1 стақан қайнаған суға 1 ас қасық қабықты салып, қақпағын мықтап жабасыз. 10 минуттай тұндырылған соң сусынды сүзіп алыңыз. Егер дәмі ащылау болса 1 шай қасық бал қосуға болады. Егер осы тұнбаны күніне 2 стақаннан ішсеңіз, ішті жақсы жүргізіп, артық салмақтан арылуға септігін тигізеді.


6. ЖҮРЕК ауруынан сақтайды

Егер сіз апельсин қабығынан дайындалған шайды үзбей ішетін болсаңыз, жүрек ауруынан сақтанасыз. Оның құрамындағы пектин қан қысымын қалыпты ұстауға, қандағы холестерин деңгейін реттеуге, қан тамырларды тазалауға ықпал етеді. Сонымен қатар, варикоз, инфаркт миокард және инсульт ауруларынан алыс боласыз.


7. ІШЕКТІҢ жұмысын жақсартады

Апельсин қабығының құрамындағы эфир майы мен пектин ас қорыту жолдарын, асқазан мен ішектің жұмысын жақсартады. Іш қатуды емдеп, қыжылды болдырмайды. Асқазаныңыз тамақты жеңіл әрі тез қорытсын десеңіз, күніне 3 рет бірнеше жұтым апельсин қабығының тұнбасын ішіңіз.


Апельсин таптырмайтын жеміс емес. Өзі дәмді, хош иісті әрі емдік қасиеті орасан жемісті үзбей жеуге тырысыңыз. Жоғарыда аталған аурудың алдын алудан бөлек, ағзаны С дәруменімен байытасыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды.



Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Асқабақ ДӘНІ мына 10 ауруға ЕМ болады


АШЫҒУДЫҢ адам АҒЗАСЫНА қандай пайдасы бар?


Кімге ОРАЗА ұстауға БОЛМАЙДЫ?