​АШЫҒУДЫҢ адам АҒЗАСЫНА қандай пайдасы бар?

0
14 012

Кімге ашығу әдісімен ағзаны тазалауға болады? Керісінше қай ағзасы ауыратын науқастарға ашығу зиян екенін білесіз бе?


​АШЫҒУДЫҢ адам АҒЗАСЫНА қандай пайдасы бар?

фото: luxetravel48.ru

Тамақтан бас тартып, ашығу дегенді әркім әрқалай түсінеді. Бірі салауатты өмір салтын ұстану десе, екіншісі өзін-өзі азаптау дегенді айтады. Ал медицина мамандары мен халық емшілері бұл әдісті құптайды. Ендеше, ашығудың адам ағзасына пайдалы немесе зиянды тұстарын тарқатып көрейік. Кімге ашығу әдісімен ағзаны тазалауға болады? Керісінше қай ағзасы ауыратын науқастарға зиян екенін білейік.


АШЫҒУ: зиян ба әлде пайдалы ма?

Адам глюкозаны тамақтан алады. Ал глюкоза – қуат көзі екенін жақсы білесіз. Адам ашыққан кезде дене жасушалары дәрументапшылығына душар болады. Ағзадағы глюкоза қоры шамамен 20 сағатқа жетеді. Оның 8 сағатын ұйқыға жұмсаймыз. Ол уақытта зат алмасу өте баяу жұмыс істейді. Демек, қуат көзімізді бір тәулікке жеткізе алады екенбіз. Алайда ашығуды бір тәуліктен асырмағаныңыз жөн. Ондай жағдайда:

  • ағзадағы ақуыз ыдырайды;
  • майлы қышқыл ашиды;
  • бауырға жүк түседі;
  • иммунитет әлсірейді;
  • ішек микрофлорасының жұмысы нашарлайды;
  • жүрекке ауа жетіспей, жалпы жағдай нашарлайды.

Демек, адам ашығу әдісін 20 сағаттан артық қолдануға болмайды.


СУмен АШЫҒУ

фото: theidealist.ru

Бұл артық салмақ иелері мен семіздікке шалдыққан науқастарға пайдалы. Санаңызды жаулаған дерттен арылу үшін тамақтан бас тартып, сумен қарын тойғызасыз. Әрине су тамақ болмайды. Бірақ асқазанды алдап, біраз уақытқа аштықты сезінбейсіз.

Бірақ бұл әдісті де ұзағымен 1-ақ күн ұстауға болады. Негізінде медицина мамандары да, дін өкілдері де аптасына бір күн ашығуға болыды. Оның денсаулыққа пайдасы ұшан-теңіз дегенді айтады. Демек, сізге 1 күн ашығуға толық мүмкіндік бар.


СУсыз, ТАМАҚсыз АШЫҒУ

Тамақтан тыйылып, судан бас тарту адам ағзасына өте пайдалы. Нақтырақ айтқанда:

  • жасартады;
  • зияткерлік қабілетіңді жақсартады;
  • бойыңдағы суықты шығарады;
  • иммунитетті көтереді;
  • ағзаны шлактан тазалайды.

Бірақ бұл әдіс те тек бір күнге арналған. Ары қарай жалғастыратын болсаңыз, керісінше денсаулығызды нашарлатып алуыңыз ғажап емес. Мәселен, салмағы 50 келі шығатын әйелге 2100 мл, ал 80 келі салмақты көтеріп жүргендерге 2700 мл су қажет. Бұл мөлшер бір тәулікке арналған. Демек, біз сусыз 1 тәулік қана шыдай аламыз. Ары қарай саулығымызды жақсартамыз деп тыраштанғанымыз бос әурешілік болмақ.


Интервалды АШЫҒУ

фото: inform35.ru

Бұл да өз кезегінде дұрыс шешім. Бірақ ашығу уақытын 8 сағаттан 16 сағатқа дейін ғана ұзартуға болады. Бұл кезде ағзаның зат алмасу жүйесі жақсарады, инсулин дұрыс бөлінеді әрі ағзаға салмақ түспейді.


18 сағатқа АШЫҒУ

Осы белгіленген сағат бойы тамақ жемей, су ішпей жүру әбден мүмкін. Бұл кезде адам таңғы асты жемейді, түскі және кешкі асқа тойып алады да, кешкі 6-дан соң тамақтан үзілді-кесілді бас тартады. Мұндай ашығу зат алмасу ісіне ешқандай кері әсерін тигізбейді. Керісінше, жасушалардың жаңарып, жасаруына ықпал етеді.


24 сағатқа АШЫҒУ

Бұл өте қатаң сызба. Бұл уақыт аралығында тамаққа шыдауға болатын шығар, алайда сусыз мүмкін емес. Дегенмен де, бір рет қана өзіңізді сынап көруге болады. Нәижесінде:

  • зат алмасу жақсарады;
  • ішектің жұмысы жеңілдейді;
  • гормоналды баланс түзіледі;
  • артық салмақтан арылады.


36 сағатқа АШЫҒУ

Бұл денсаулығыңызға жасаған зор «қиянат» болмақ. Саулығын ойлаған адам бұндай қадамға бармайды. Өйткені мұндай уақыт ашығудың денсаулыққа пайдасына қарағанда зияны көбірек болады.

Міне, біз әртүрлі уақытқа ашығу жолдарымен таныстық. Егер дұрыс жүйемін ашықсақ, пайдасын байқаймыз. Керісінше немқұрайлы қарасақ, саулығымызға зиянымызды тигізіп аламыз.

Сонымен ашығу әдісін ұстанатындарға тыңғылықты демалыс пен дұрыс ұйқы маңызды. Тамақтан алмаған күшті ұйқымен толықтыратыныңызды біліңіз. Тамақты ойламау үшін өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Жеңіл әрі қызықты жұмыс тауып алыңыз. Кітап оқыңыз, журнал қараңыз, дүкен аралаңыз, саябақта серуендеңіз. Қысқасы, ағзаны тамақтан тыйсаңыз да, қажетті дүниеден тыймаңыз.


АШЫҒУДЫҢ бауырға пайдасы орасан

Бірақ ұзақ уақыт ашығу емес. Мәселен, таңнан кешке дейін ашығу – бауырға, асқазанға, ішекке, жүрекке, миға өте пайдалы. Зат алмасуды, қан айналымын жақсартады. Иммунитетті көтеріп, қаназдықтан құтқарады. Қандағы хлоестерин мен қанттың деңгейін реттейді. Ең бастысы әрі маңыздысы – ағзаны улы заттан, шлактан, құрттан тазалайды.

Нәтижесінде, өзіңізді сергек, бойыңызды жеңіл сезінесіз. Теріңіз жақсарып, жасара бастайды. Терідегі түрлі дақтар, бөртпе мен безеуден құтыласыз. Тіс, тырнақ, шаш саулығы да жақсарып, ауыздағы жағымсыз иіс жойылады.

Дұрыс ашығудың пайдасын білдік. Ендеше, ең тиімді әрі сауабы мол әдіс – ОРАЗА ұстау екенін де байқадық. Тәулік бойы немесе 3-4 күн қатарынан ашығып, саулығыңызға зиянын тигізгенше, 1 ай бойы таңнан кешке дейін ораза ұстау арқылы мол сауапқа кенеліңіз әрі ағзаңызды тазалап, аурудан айығыңыз.


Дереккөз: 366.ru

Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Асқабақ ДӘНІ мына 10 ауруға ЕМ болады


Күнде СҮЗБЕ жесеңіз қандай АУРУДЫҢ алдын алатыныңызды білесіз бе?


МИ тамырларын ТАЗАЛАУ арқылы МЫНА аурудан айығасыз