​Асқабақ ДӘНІ мына 10 ауруға ЕМ болады

0
9 003

7 дана асқабақ дәні сіз күтпеген нәтижеге жеткізеді


​Асқабақ ДӘНІ мына 10 ауруға ЕМ болады

фото: medaboutme.ru

Асқабақтың адам азғасына пайдасы ежелден белгілі. Бұл көкөністі тамақ ретінде жеу арқылы ағзаны қажетті дәрумендер мен минералды заттарға толықтырасыз. Әрі көптеген дертке дауа болатын қасиеті бар. Әсіресе, асқабақтың дәні өте пайдалы заттардың қайнар көзі. Айталық, асқабақ дәнімен халық емінде жүрек қан тамыр ауруларын емдейтінін білесіз бе? Одан да басқа мың түрлі дертке шипа болады. Нақтырақ айтқанда:


Қандағы холестерин деңгейін түсіреді

Жүрегі ауыратын науқастарға асқабақ дәнін үзбей жеуге кеңес береміз. Өйткені бұл дән қандағы холестеринді төмендетіп, тромбтың түзілуін реттейді.

Құрамындағы фосфор, мыс, темір элементтерінің арқасында қаназдық пен атеросклероз ауруынан айықтырады.


Климакс кезіндегі ауырлықты болдырмайды

Етеккір үзілісі – кез келген әйелде ауыр өтетін жағдай. Бұл уақытта қырық түрлі дерт қозып, жалпы жағдай нашарлайды. Гормоналдық өзгерістер орын алады. Ал осындай ауырлықты жеңіл өткергіңіз келсе, онда құрамы дәрумендер мен минералды заттарға бай асқабақ дәнін жеуді әдетке айналдырыңыз.

Климакс кезінде әйелдің қызуы көтеріледі, тоқтаусыз терлейді, көңіл-күйі нашарлайды, жүрек соғысы өзгеріп, қан қысымы ойнайды. Бұл жайсыздықтың бірден бір емі – асқабақ дәні екенін ескеріңіз.

фото: mrfilin.com

Қатерлі ісіктің алдын алады

Асқабақ дәні – кукурбитин деп аталатын теңдессіз байлықтың қайнар көзі. Ал бұл зат өз кезегінде қатерлі ісік ауруының алдын алып, ағзаны сақтайды әрі қорғайды.

Мамандар асқабақ дәнін үзбей жейтіндердің бауыр, сүт безі, тік ішек, ұйқы безі, өкпе, асқазан қатерлі ісік ауруына ешқашан шалдықпайтынын растайды.


Қандағы қанттың мөлшерін реттейді

Өздеріңіз білетіндей, қант диабетіне шалдыққан науқастар белгілі бір мәзірде тамақтануы тиіс. Қантты, тәттіні, ащыны, майлыны шектесе, ал көкөніс, жеміс, буға піскен және қайнатылған тағамдарға рұқсат етіледі. Оған қоса, асқабақ дәнінің де кереметтей пайдасы бар екені айтылады.

Бұл бағалы дән ағзадағы улы затты шығарады, жасушаларды жаңартады, ұйқы безінің жұмысын жақсартады, инсулиннің дұрыс бөлінуін қадағалайды. Нәтижесінде қандағы қант мөлшері өз қалпына келеді.


Ерлердің денсаулығын жақсартады

Простатит, қуық түбі безінің қабынуы ер азаматтардың көпшілігінде кездесетін ауру. Аталған ауру денсаулығыңызға ғана емес, өмір сүру қалпыңызға да, төсектегі тірлігіңізге де кері әсерін тигізеді. Ал оның алдын алып немесе сақтанғыңыз келсе, бір уыс асқабақ дәнін жеңіз. Емді күніне 3-4 рет қайталау арқылы айықпас дертіңізден арыласыз.

Асқабақ дәнінің құрамындағы L-аргинин заты ерлердегі тестостерон гормонын жандандырып, қуықасты безінің жұмысын жақсартады. Сонымен қатар, жамбастың қан айналымын тездетіп, суықты емдейді әрі ісігін қайтарады.

фото: ozvz.ru

Артық салмақтан арылтады

Кез келген дән, әсіресе асқабақ дәні өсімдік ақуызы мен жасұныққа бай. Ал бұл заттар өз кезегінде ағзадағы майды ерітіп, артық салмақтан арылтады.

Диетологтар қарныңыздың ашқанын сезе бастасаңыз, асқабақ дәнін жеуге әдеттеніңіз дейді. Оның құрамындағы пайдалы заттар ішектің жұмысын жақсартып, зат алмасуды реттейді.


Көңіл күйді көтереді

Асқабақ дәнін жесеңіз ағзада серотонин атты қуаныш гормоны бөлінеді. Дәннің құрамындағы триптофан аминқышқылы сізе сергектік сыйлайды. Жүйкені жақсартып, миды тынықтырады. Диетолог мамандар күніне 7 дана асқабақ дәнін жесеңіз, көңіл-күйіңізді керемет көтереді дейді.

Сондықтан да депрессия алған адамға, стресте жүртіндерге және үнемі мазасызданатындарға асқабақ дәнін қалтаңыздан тастамаңыз деп кеңес береміз.


Ішекті құрттан тазалайды

Асқабақ дәнінің құрамындағы кукурбитин аминқышқылы – ішек құрттарының нағыз жауы. Ағзадағы кез келген құрттан асқабақ дәнін жеу арқылы оңай құтыласыз. Дәннің денсаулыққа тигізетін зияны жоқ.


Буын ауруынан қорғайды

Суыққа қарсы күресетін күшке ие асқабақ дәні буын ауруын емдеп, тұз байлануды болдырмайды. Сондай-ақ, несеп жүргізіп, артық тұзды шығарады. Керемет емдік қаситке ие дән буынды түрлі дерттен сақтайды.


Остеопороз ауруының алдын алады

Құрамы кальций, магний және мырыш элементіне бай асқабақ дәні сүйектің саулығын жақсартады. Сондықтан да остеопороз ауруының алдын алғыңыз келсе, қартайғанда сүйектен айырылғыңыз келмесе немесе сүйектің сынуынан сақтанғыңыз келсе, онда күнделікті тамақтың алдында асқабақ дәнін жеуді ұмытпаңыз.


Сонымен асқабақ дәнінің керемет әрі теңдессіз емдік қасиетімен таныстық. Ендеше, аталған аурудың алдын алу үшін ағзаны улайтын химикатты дәрілерді емес, керісінше ағзаны дәрумендер мен минералды заттарға байытатын асқабақ дәнін жеуге әдеттеніңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: joinfo.com


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


МИ тамырларын ТАЗАЛАУ арқылы МЫНА аурудан айығасыз


АШЫҒУДЫҢ адам АҒЗАСЫНА қандай пайдасы бар?


Кімге ОРАЗА ұстауға БОЛМАЙДЫ?

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет