​Кімге ОРАЗА ұстауға БОЛМАЙДЫ?

0
22 370

Мұның бәріңіз білуіңіз керек


​Кімге ОРАЗА ұстауға БОЛМАЙДЫ?

фото: vk.com

Бір аптадан соң қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл күнді асығып күтіп жүргендер көп. Рамазан – сауапқа кенелетін ай. Отыз күнге созылатын бұл уақытта адамдар ораза ұстап, садақа беріп, жақсы амалдар жасауға тырысады.

Ораза ұстау әрбірімізге парыз. Десе де, ауыр дертпен күресіп жүргендерге, қандай да бір сырқатқа шалдыққандарға ораза ұстамауға болады екен. Есесіне, ораза ұстаған адамды бір ай бойы тамақтандыруды міндетіне алады. Бұл біздің тарқатып айтатын тақырыбымыз емес. Десе де, кімдерге ораза ұстауға болмайтынын, сәресіге қандай тағамдар жеуге болатынын, ауырып қалған жағдайда дәрі қабылдауға болатын-болмайтынын айтамыз.


ОРАЗА деген не?

Ораза – ислам дінінің негізгі 5 парызыныңбірі. Ораза ұстауға ниет еткен адам ең алдымен таңның атысынан, күннің батысына дейін ішіп-жеуден тыйылады. Одан бөлек жаман әдеттерді (темекі шегу, жанжалдасу, айқайласу) де шектейді. Мейлінше уақытын сауап істерге арнайды.

Ораза ұстау – парыз. Бірақ сол уақытта ауырып қалсаңыз, оразаны жазылған соң ұстауға болады.


ОРАЗА ұстаған адам ауруға шалдығуы мүмкін бе?

Әрине, жоқ. Мұны дәрігерлер де жоққа шығарады. Керісінше, ораза ұстаудың көптеген дертке дауа болатыны анықталған. Ең алдымен, бүкіл ағза тазаланады. Таңертең ерте жеген тамақ күні бойы қорытылып, әр ағза өзіне тиісті жұмысты атқарады. Асқазан мен ішектің жұмысы жақсарып, ағза шлактан, улы заттан тазарады. Қан қысымы реттеліп, қанның қоюлануына жол бермейді. Тіпті, қан айналым мен зат алмасу жеделдеп, иммунитет көтеріледі.


Кімге ОРАЗА ұстауға болмайды?

Шариғат сізге болады, сізге болмайды деп кесіп айта алмайды. Десе де, кейбір адамдарға жеңілдік жасайды. Мәселен, жүкті, емізулі аналарға, 7 жасқа толмаған балаларға, үнемі дәрі ішіп жүретін науқастарға, ауыр дертке шалдыққандарға ораза парыз саналмайды.

Егер жүкті немесе емізулі кезде денсаулығыңыз көтерсе, ораза ұстаңыз. Оның сауабы өте мол екенін ескеріңіз.

фото: thespruceeats.com

ОРАЗА ұстағандарға сәресіде не жеу керек?

Қалай тамақтансаңыз да өз еркіңізде. Бірақ ағзаға салмақ салатын тағамдарды шектегеніңіз жөн. Қыжыл тудыратын тым ащы, қышқыл тағамдарды жемеңіз. Өйткені бұл асқазанның қышқылдығын көбейтеді, қыжыл пайда болады. Одан бөлек, шөл қысып, күні бойы мазаңызды алады. Сонымен қатар, тәттіге де тым құмар болмаңыз. Бұл тез қарныңызды тойдырғанымен, аз уақыт өтпей-ақ асқазанның тамақ сұрай бастағанын байқайсыз. Тәтті жеген кезде көбірек шай іздейтініміз анық.

Негізінде таңғы асқа бесбармақ, палау, қуырдақ секілді қою тағамдар жеуге болады. Тамақтан соң көбірек сусын ішіп, қайтадан ұйықтамауға тырысыңыз. Өйткені асқазанды тамаққа толтырып алып, төсекке жату – денсаулығыңызға жасаған ауыр «қиянат» болмақ.

Ал, дәрігерлер мейлінше жеңіл тағамдарды қанағат етіңіз деп кеңес береді. Мәселен, құрма, кез келген кептірілген жемістер, сүт өнімдері, тары-талқан қарынды тойдырады әрі ағзада жеңіл қорытылады. Егер 1 кесе сүтке 1 шай қасық сары май мен 2 ас қасық талқан араластырып, ішсеңіз, керемет тойымды ас болады. Сонымен қатар, 1 кесе майсыз сорпаға жұқпа турап ішсеңіз де өте тамаша тамақ болатынын біле жүріңіз.

Сәресіге ботқа әзірлеп жесеңіз де ағзаны қажетті пайдалы заттармен байытасыз.

Ораза ұстаған кезде тамақтан тыйылып қана қоймаңыз, керісінше құрамы минералды заттар мен дәруменге бай тағамдарды көбірек тұтынуға әдеттеніңіз.


ОРАЗА ұстаған адамға дәрі ішуге бола ма?

Жалпы ем қабылдап жүргендерге ораза ұстауды кейінге шегере тұрған дұрыс. Егер ораза ұстап жүрген кезде бірден басыңыз немесе ішіңіз ауырып қалса, ауыз ашатын уақытқа дейін шыдауға тырысыңыз. Ауырған жеріңізді сипалап, уқалап, 30-40 минуттай жатып демалыңыз.


ОРАЗАНЫ қай кезде бұзуға болады?

Егер:

  • басыңыз айналып, көзіңіз қарауытып, бойыңызды әлсіздік билесе;
  • лоқсып, құса бастасаңыз;
  • аяқ-қолыңыз қалтырап, денеңіз дірілдесе;
  • жүрегіңіз қысылып, мазаңыз қашса;
  • әйелдердегі айлық белгі көрінсе, онда ауызды ашуға тура келеді.

Дереу дәрігерге тексеріліп, толық ем алыңыз. Жақсылап жазылған соң қаза болған күндерге ораза ұстайсыз.


Сонымен, ардақты оқырман, еселеп сауапқа кенелетін айдан құр қалмайық. Ораза ұстау арқылы Жаратушының парызын орындайық, ағзамызды тазалайық, жаман әдеттерден арылайық, артық ішіп-жеуден тыйылайық.


Дереккөз: informburo.kz


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Асқабақ ДӘНІ мына 10 ауруға ЕМ болады


АШЫҒУДЫҢ адам АҒЗАСЫНА қандай пайдасы бар?


МИ тамырларын ТАЗАЛАУ арқылы МЫНА аурудан айығасыз