Университет бұл оқиғаға қатысты ешқандай ақпаратты жасырмайтынын және құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан тергеуге толықтай жәрдемдесіп жатқанын атап өтті.
фото: Официальный сайт КазНУ имени аль-Фараби
ERNUR.KZ. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болған қайғылы оқиғаға байланысты университет басшылығы шұғыл шаралар қабылдады, деп жазады sputnik.kz.
Университеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, тәрбие жұмысының тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы, жатақханадағы қауіпсіздік пен тәртіптің қамтамасыз етілмеуі себепті басқарма мүшесі – әлеуметтік тұрақты даму жөніндегі проректор және география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы қызметінен босатылды.
"Сондай-ақ қайғылы оқиға болған күні жатақханада кезекшілікте болған жауапты қызметкерлер жұмыстан шеттетіліп, олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, барлық студенттік жатақханаларда кешкі бақылау күшейтіліп, студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға кәсіби психологиялық көмек көрсету бағытында қосымша шаралар қолға алынған.
Университет бұл оқиғаға қатысты ешқандай ақпаратты жасырмайтынын және құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан тергеуге толықтай жәрдемдесіп жатқанын атап өтті.
Еске сала кетейік, 16 қарашаға қараған түні оқу орнының жатақханасында студент Дауыл Бәкіртай қаза болды. Ол 1 курста оқыған. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.


