Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.
ERNUR.KZ. Дүниежүзілік экономикалық форумның қыркүйекте жарияланған Саяхат және туризмді дамыту индексінің қорытындысы бойынша Қазақстан 110 елдің ішінде 56-орынға тұрақтады. Рейтинг туризмді дамыту жағдайларын сипаттайтын 5 негізгі бағытты қамтиды.
«Қазақстан Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан сияқты бірқатар мемлекеттен озып тұр. Сонымен қатар рейтинг нәтижелері бізге әлі де қандай мәселелер бойынша жұмыс істеу қажеттігін көрсетті. Олардың қатарында экологиялық тұрақтылық, құрлықтағы инфрақұрылым және туристік сұраныстың тұрақтылығы және мемлекеттік саясаттағы туризмнің басымдылығын арттыру бар. Бұл бағыттар алдағы жұмыста ескеріледі», – деді ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.


