Жыл басынан бері 221 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды

0
116

Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатынын және шын мәнінде жұмысқа орналасқандығы олар үшін міндетті зейнетақы жарналарының аударылуымен расталатынын атап өткен жөн.


Жыл басынан бері 221 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 221,7 мың адам қамтылды, 292,2 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Субсидияланатын жұмыс орындарына мансап орталықтары арқылы 129,8 мың адам жіберілді, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарында 11,5 мың адам, жастар практикасында 9,1 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 91,7 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 14,8 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 2,6 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде 90 адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 48,5 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 45,3 мыңы оқуды аяқтады.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 34,6 мың адам қамтылды, оның ішінде 19 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіптік оқытуға 4 610 адам жіберілді, оның ішінде 834 адам оқуды аяқтады.

Бұдан басқа, қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 224,3 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды.

Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатынын және шын мәнінде жұмысқа орналасқандығы олар үшін міндетті зейнетақы жарналарының аударылуымен расталатынын атап өткен жөн.

Мәселен, 2025 жылғы 1 тамызда 292,2 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде – 129,8 мың адам; Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер орналастырған бос бос орындарға – 86,2 мың адам; Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде – 66,3 мың адам; орталық мемлекеттік органдар іске асыратын жобалар шеңберінде – 9,9 мың адам.

Сонымен қатар, 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 теңге) 9 мың грант беру көзделген. Бірінші лекте 4,2 мың грант берілді. 11 тамыздан бастап «Business.Enbek» порталында 2-лекке үміткерлерден өтініштерді қабылдау басталды.