Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

0
97

Осы уақытқа дейін 15 өңірден 235 адам қатысқан.


Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

фото: Sputnik / Виталий Аньков

ERNUR.KZ. Елде перзентхана, балалар стационарлары мен жедел медициналық жәрдем станцияларының басшылары мен олардың орынбасарларын аттестаттау жалғасып жатыр, деп жазады sputnik.kz.
Нәтижесінде тестілеуге қатысушылардың 20%-ы шекті балын жинай алмаған.
Осы уақытқа дейін 15 өңірден 235 адам қатысқан. Алдын ала нәтижелер бойынша 188 қатысушы немесе 80%-ы тестілеуден сәтті өткен. Тағы 47 адам (20%) қажетті балл жинай алмаған. Олардың қатарында 25 басшы және 22 басшының орынбасары бар. Сонымен қатар 27 адам тестілеуге келмеген.
"Теріс нәтиже көрсеткендердің ең көп саны Ақмола, Маңғыстау және Қостанай облыстарында тіркелді. Бұл үш өңірге өту балын жинай алмаған қатысушылардың жалпы санының 55,3%-ы тиесілі", - дейді Денсаулық сақтау министрлігі.
Астана қаласы мен Павлодар облысында барлық қатысушылар тестілеуден сәтті өткен.
Аттестаттау тек аталған медициналық ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларына қатысты жүргізілген.

Министрліктің айтуынша, тесттен өте алмағандар алты айдан кейін қайта тапсырады. Олар екінші кезең - сұхбатқа жіберілмейді.