Жол бойындағы лай суды әйелге шашып кеткен жүргізуші жазаға тартылды

0
127

Оқиға 2025 жылғы 28 желтоқсанда Жаңаөзендегі Бостандық ықшамауданында болған.


Жол бойындағы лай суды әйелге шашып кеткен жүргізуші жазаға тартылды

Нейрожелі арқылы жасалған сурет

ERNUR.KZ. Жаңаөзенде сот Mercedes жүргізушісін жаяу жүргіншіге лай су шашыратып кеткены үшін жазаға тартты, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 2025 жылғы 28 желтоқсанда Жаңаөзендегі Бостандық ықшамауданында болған. Соттың анықтауынша, Е. есімді ер адам көлік жүргізіп келе жатып, жол бойындағы лай суды Г. есімді азаматшаға шашыратып кеткен.

Сот бұл әрекетті қоғамдық тәртіпті бұзу және қоғамдық орында айналадағы адамдарға құрметсіздік таныту деп бағалаған.

Сот отырысында Mercedes жүргізушісі кінәсін мойындап, өкініш білдірген және айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұраған. Оның кінәсі жәбірленушінің түсініктемесімен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, фотоматериалдармен және өзге де дәлелдермен расталған.

Нәтижесінде сот жүргізушіні ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 86 500 теңге айыппұл салған. Қаулы заңды күшіне енді.