Бірінші партияда 6:4 есебімен жеңіске жеткен қазақстандық-словениялық дуэт екінші сетті де сенімді түрде аяқтады – 6:2.
ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Хучжоу қаласында өткен WTA 125 сериялы турнирде алғашқы титулына қол жеткізді, деп жазады inbusiness.kz.
Жібек словениялық серіктесі Вероника Эрьявецпен бірге финалда жапондық жұп – Момоко Кобори мен Аяно Шимицуге қарсы ойнады.
Бірінші партияда 6:4 есебімен жеңіске жеткен қазақстандық-словениялық дуэт екінші сетті де сенімді түрде аяқтады – 6:2.
Бір сағаттан аса уақытқа созылған финалда Құламбаева – Эрьявец жұбы 11 брейк-пойнттың алтауын тиімді пайдаланды. Ал қарсыластары небәрі 3 брейкпен шектелді.
Осылайша, Жібек Құламбаева мансабында алғаш рет WTA деңгейіндегі турнирде жеңімпаз атанды. Бұған дейін ол ITF жарыстарында жұптық сында 35 рет топ жарған болатын.