ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Кім сізден СЕЗІМІН жасырады?

0
204

Бірі ішіндегісін бүкпесіз айтса, енді бірі сыр бермейді


ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Кім сізден СЕЗІМІН жасырады?

Сурет: ЖИ

Астрологиялық сипаттамаларға сүйенсек, адамның эмоциясын көрсетуі мен ішкі сезімін білдіруі жұлдыз белгісіне қарай да әртүрлі түсіндіріледі. Бір белгілер өз сезімін ашық көрсетсе, екіншілері оны тек жақын адамдарына ғана білдіреді. Ал кейбіреулердің ішкі жан дүниесінде не болып жатқанын тіпті ең жақын адамдары да аңғара бермейді.


СЕЗІМІН ЖАСЫРМАЙТЫНДАР

Шаян

Сезімтал, эмоцияға берілгіш әрі көңіл күйі тез өзгеретін жандар. Айналасындағылардан ештеңе жасыруға тырыспайды. Бірдеңе көңіліне тисе, жүзін бірден ірбің шалады. Ашуланса, қабағынан қар жауады. Сәл жақсыға көзі күлімдеп шыға келеді. Ешқайсы жасанды емес, бәрі шын жүректен. Өздерін түсінетін, жан дүниесіне үңіле алатын адамдармен ғана сөйлескенді ұнатады.

Арыстан

Сырттай өзіне сенімді, әрқашан бір қалыптан танбайтын сияқты көрінеді. Алайда эмоциясын жасыруға келгенде онша шебер емес. Мақтау естісе, қуанышын білдіріп, көңілі қалса, ренішін де байқатып қояды. Әсіресе өзіне деген құрмет пен қарым-қатынасқа қатты мән береді. Біреу көңіліне тисе, елемегендей кейіп танытуға тырысуы мүмкін, бірақ жүзі мен үні бәрін аңғартып қояды. Сезімін ашық білдіруді әлсіздік деп санамайды.

Мерген

Белгі иелері – ашық мінезді, ойын бүкпесіз айтатын жандар. Сезімін жасыруға күш жұмсамайды. Бір нәрсеге қуанса, оны баршамен бөліскісі келеді. Көңіліне жақпаған жағдайға үндемей қалудан гөрі, өз пікірін айтып салғанды құп көреді. Олар үшін шынайылық пен еркіндік маңызды. Басқалардан да ашықтық күтеді. Сезімін, сырын бөліскен адамды жақсы түсіне, қолдау білдіре алады.


ЖАСЫРУҒА ТЫРЫСҚАНЫМЕН, СЫР БЕРІП ҚОЯДЫ

Балықтар

Өте сезімтал, айналасындағы адамдардың көңіл күйін тез аңғаратын жұлдыз белгісі. Көбінесе сезімдерін, әсіресе негативті тұстарды көрсетпеуге тырысады. «Бәрі жақсы» деп жауап бергенімен, жақсылап үңілген жан көңілсіздігін көзінен байқай алады. Балықтар эмоциясын ұзақ уақыт бойы ішіне жинап келіп, бір сәтте сыртқа шығаруы мүмкін. Әсіресе сенім артатын адамының жанында өзін еркін ұстап, ішін ақтарып салуға бейім.

Тоқты

Тоқтылар ашуланшақ әрі қызба мінезімен ерекшеленеді. Эмоциясын бақылауға тырысып, сабыр сақтағысы келеді. Бірақ кейде қолынан келсе, кей кездері ішкі толқынысын жасырып қалуы қиын. Әсіресе әділетсіздікке немесе өзіне деген құрметсіздікке төзбейді. Олар үшін іште сақтап жүргеннен гөрі, мәселені бірден шешкен маңызды. Негізінде ашуы тез басылады. Сол азғана мезетте эмоциясын білдіріп үлгереді.

Таразы

Таразылар айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысады. Өзгелердің көңіліне тимеу үшін өз ренішін жасырып, бәрін қалыпты қабылдағандай көрінуі мүмкін. Алайда ішкі сезімін ұзақ уақыт бойы басып жүру оларға оңай емес. Бір күні жиналған ренішін айтып қалуы немесе көңіл күйінің өзгергенін байқатуы мүмкін.


ЖАҚСЫ ЖАСЫРАДЫ, СЕЗІМІН ТЕК ЖАҚЫНДАРЫ ҒАНА СЕЗЕДІ

Торпақ

Торпақтар сырт көзге сабырлы, байсалды болып көрінеді. Кез келген жағдайға бірден реакция білдірмейді. Қанша ашу қысса да, дау шығармай, үнсіз қалады. Бірақ бұл оған ештеңе әсер етпейтінін білдірмейді. Сыртқа сыр бермеуге барынша күш салады. Сондықтан ішкі күйін тек жақындары ғана түсінеді. Олар кімге сенетінін жақсы біледі және жан сырын кез келген адамға аша бермейді.

Суқұйғыш

Эмоциядан гөрі ақылға жүгінетін адамдар ретінде сипатталады. Қиын жағдайға тап болса да, сырт көзге сабырлы көрінуге тырысады. Ішінде не болып жатқанын бірден айта қоймайды. Тіпті жақын адамдары да оның көңіл күйін біраз әңгімелескеннен кейін ғана түсінуі мүмкін. Суқұйғыштар жеке кеңістігін бағалайды. Сондықтан өз сезімін кіммен және қашан бөлісетінін өздері шешеді.

Тауешкі

Ұстамды, жауапкершілігі жоғары жандар. Сезімін көрсетуге асықпайды. Қиындыққа тап болғанда өзгелерге мұңын шағудан гөрі, мәселені өз күшімен шешуге тырысады. Көңілі түсіп немесе қатты уайымдап жүрсе де, айналасындағыларға білдірмеуі мүмкін. Жан сырын тек шын сенетін, талай сынақтан бірге өткен адамдарына ғана айтады.


ЕШКІМГЕ ЕШТЕҢЕ БІЛДІРМЕЙТІН САБАЗДАР

Бикеш

Бикештер сезімін бақылауда ұстайды. Жан дүниесінде не болып жатқанын түсіну оңай емес. Өз мәселесін өзгеге жүктегісі келмейді, көп жағдайда бәрін өз ішінде шешуге тырысады. Қандай қиындық болса да, алдымен әбден ойланып алып, содан кейін әрекет еткенді жөн көреді. Ішінде қанша уайым болса да, сырт көзге сабырлы көрінуі мүмкін. Біреу көңілін қалдырса, бірден ренішін білдірмей, жағдайды асықпай саралау үшін үнсіздік сақтай алады.

Егіздер

Егіздер көңілді, ашық-жарқын болып көрінгенімен, ішкі сезімін жасыруға шебер. Көңілі түсіп тұрса да, әзіл айтып, айналасындағыларды күлдірумен болады. Ауыр жағдайды әңгіме мен әзілге айналдырып, шынайы көңіл күйін білдіртпеуді дұрыс көреді. Бір қарағанда, еш уайымы жоқ сияқты әсер қалдырады. Бірақ бұл оның ішінде ешқандай мәселе жоқ деген сөз емес. Сезімін әркімге көрсете бермейді.

Сарышаян

Сарышаяндар – сезімін ең жақсы жасыратын жұлдыз белгілерінің бірі. Қатты ренжісе, аушланса, қуанса, эмоцияға берілудің орнына, әдеттегіден де сабырлы, салқынқанды болуға барын салады. Сарышаяндар әлсіз тұсын кез келгенге көрсеткісі келмейді. Кімге сенуге болатынын мұқият таңдайды. Олардың шынайы көңіл күйін тек өте жақын адамдары ғана аңғара алады. Кейде тіпті олардың өзі ішкі әлемінде не болып жатқанын толық түсінбеуі мүмкін.

Аударған: Х. ОРАЛ,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЕСЕППЕН ҮЙЛЕНУдің нумерологиядағы бір әдісі

Денсаулық ПЛАСТЫРЬЛЕРІ шынымен көмектесе ме?

Әр адам білуі керек 6 ЗАҢ