Сот оған 300 мың теңгеден астам айыппұл салған.
Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Бірнеше күн бұрын Алматы облысы Талғар ауданында 16 жастағы қызды зорлаған бір топ жігіт ұзақ жылдарға сотталған еді. Сотталған бір жігіттің анасы үкімнен кейін сот ғимаратының терезесін сындырып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Алматы облысы соттарының мәліметіне сүйенсек, әйел 2 қараша күні шамамен 16:30 кезінде Қонаев қаласындағы облыстық соттың кіреберісіндегі есікті ұрып, шынысын сындырған.
Оның ісі жеке қарала, сот оның жас балалары барын ескере отырып, әйелге 302 мың теңге айыппұл салған.
Айта кетейік, әйел адам сол күні ұзақ жылға сотталған бір жігіттің анасы. Жігіттер 16 жастағы қызды зорлағаны үшін 16 жылға сотталған.


