Жер бетінде магниттік дауыл басталды

0
87

Оған 2 ақпанда Күннен бөлініп шыққан плазма бұлтының шеткі бөлігі себеп болған.


Жер бетінде магниттік дауыл басталды

ERNUR.KZ. Батыс жартышардың түнгі аймағында қазірдің өзінде айқын полярлық шұғыла байқалып отыр, деп жазады baq.kz.

Күн астрономиясы зертханасының хабарлауынша, 5 ақпан күні таңертең Жерде ғаламшарлық ауқымдағы магниттік дауыл басталды. Оған 2 ақпанда Күннен бөлініп шыққан плазма бұлтының шеткі бөлігі себеп болған. Бұл соңғы бір жарым жылдағы ең қуатты X8.1 санатындағы жарқыл кезінде болған.

Қазіргі уақытта магниттік дауылдың деңгейі G1 шамасында, алайда бір тәулік ішінде G2–G3 деңгейіне дейін күшеюі мүмкін.

Магниттік дауылдардың күші 5 балдық шкаламен өлшенеді:

  • G1 (әлсіз) – жерсеріктердің жұмысына болмашы кедергі келтіруі мүмкін, жоғары ендіктерде полярлық шұғыла байқалуы ықтимал;
  • G2 (орташа) – электр желілерінде ауытқулар болуы мүмкін, ауа райына сезімтал адамдар өзін әлсіз сезінуі ықтимал;
  • G3 (күшті) – жерсеріктік навигация мен радиобайланыста іркілістер байқалады, денсаулыққа әсері болуы мүмкін;
  • G4 (өте күшті) – ғарыш аппараттарын жоғалту қаупі туындайды, энергия желілеріндегі кернеуді бақылауда қиындықтар болуы ықтимал;
  • G5 (шектен тыс) – елеулі іркілістер болып, трансформаторлардың істен шығу қаупі бар.

Магниттік дауыл кезінде неден бас тартқан жөн?

Ауыр физикалық жүктемеден және күшті жаттығулардан уақытша бас тарту керек.

  • Егер денеңізде ауырсыну немесе жайсыздық сезілсе, өз бетіңізше әрекет етпей, дәрігерге қаралғаныңыз дұрыс.
  • Ашуланып, дауыс көтеруден сақ болыңыз. Бұл күндері эмоцияны бақылау қиындауы мүмкін, сондықтан сабыр сақтауға тырысқан жөн.
  • Сергітетін сусындарды мөлшерден тыс тұтынбаңыз. Магниттік дауыл кезінде алкоголь мен кофеинге бай сусындарды шамадан көп ішу ағзаға кері әсер етуі мүмкін.

Дәрігерлер не дейді?

Дәрігерлер магниттік дауыл болатын күндері адамдарға ең алдымен өз денсаулығына мұқият болуға кеңес береді. Магниттік дауыл күшейген кезде ағзадағы өзгерістерді, көңіл күйіңіздің құбылуын бақылап отырған жөн. Ауа райының өзіңізге қалай әсер етіп жатқанын түсіну үшін сезімдеріңізді, бойыңыздағы өзгерістерді қысқаша жазып жүру пайдалы.

  • Демалыс пен күтімді алдыңғы орынға қойыңыз. Мұндай кезеңде өзіңізді шамадан тыс шаршатпай, тынығуға уақыт бөлген дұрыс.
  • Ұйқының сапасына мән беріңіз. Денеңізді босаңсытатын йога, медитация секілді жаттығулармен айналысыңыз. Стрестен, жүйкені тоздыратын жағдайлардан аулақ болып, жанжалға себеп болатын ортадан қашық жүрген абзал.
  • Таза ауада жиі серуендеңіз. Көшеде, табиғат аясында жүру ауа райына сезімтал жандарға магниттік дауылдың кері әсерін жеңілдетуге көмектеседі.