Жанжал барысында ер адам әйелге шабуыл жасап, оған шыны ыдысты лақтырған.
фото: әлеуметтік желідегі видеодан скрин
ERNUR.KZ. 25 қарашада Шымкент қаласындағы дәмханалардың бірінде келушілер арасында жанжал орын алды.
Жанжал барысында ер адам әйелге шабуыл жасап, оған шыны ыдысты лақтырған. Салдарынан әйелдің беті мен қолы жарақаттанған.
Аталған дерек бойынша Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.


