Екібастұздағы электр станциясында ер адамды тоқ соқты

0
206

Павлодар облыстық еңбек инспекциясы тексеру жүргізіп жатыр.


Екібастұздағы электр станциясында ер адамды тоқ соқты

фото: ТОО "Экибастузская ГРЭС-1 имени Булата Нуржанова"

ERNUR.KZ. Екібастұздағы №1 мемлекеттік аудандық электр станциясында де ер адамды тоқ соғып, мерт болды, деп жазады sputnik.kz.
Марқұм 42 жаста болғаны белгілі. Оқиға электр станциясының аумағында болғанымен, ол МАЭС қызметкері емес, мердігер ұйымның жұмысшысы болған.
Павлодар облыстық еңбек инспекциясы тексеру жүргізіп жатыр.
"19 қарашада "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1" ЖШС аумағында мердігер ұйымның жұмысшысына қатысты өлімге әкеп соққан жазатайым оқиғаға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді еңбек инспекциясында.
Департаменттің мәліметінше, әзірге басқа жазатайым оқиға тіркелмеген.