Жанабыловтар ісі: прокурор атышулы блогерлерді 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

0
94

Блогерлердің мүлкі де тәркіленуі мүмкін.


Жанабыловтар ісі: прокурор атышулы блогерлерді 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Астанада атышулы ерлі-зайыпты блогерлер – Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша сот отырыстары өтіп жатыр. Онда прокурор блогерлерге қатысты жаза мерзімін сұрады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Прокурор айыпталушыларға ҚК-нің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы және 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша айып тағылғанын еске салды. Мемлекеттік айыптаушының пікірінше, бұл іс тек жеке оқиға емес, қоғам үшін маңызды прецедент бола алады.

Прокурор Ерболат Жанабыловқа 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Ал Эльмира Төлегеноваға да 4 жыл жаза тағайындап, бірақ оны 1 жылға кейінге қалдыруды ұсынды.

Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы мынадай мүлікті тәркілеуді ұсынды:

  • заңсыз табыс ретінде 247 млн 550 мың теңге;
  • 17 iPhone 16 телефоны;
  • 8 Hyundai Elantra көлігі;
  • Lamborghini Urus пен Lexus автокөліктеріне салынған тыйымды сақтау;
  • 20 АЕК көлемінде өтемақы қорына төлем;
  • процессуалдық шығындарды өтеу.

Прокурордың айтуынша, ұсынылған жаза әділеттілікті қалпына келтіруге және мұндай қылмыстардың алдын алуға бағытталған.