Жамбыл облысында ер адам экс-сүйіктісіне берген ақшасын қайтарып алу үшін сотқа жүгінді

0
113

Ол бірнеше ай бойы келіншекке және оның екі баласына ақша беріп отырған.


Жамбыл облысында ер адам экс-сүйіктісіне берген ақшасын қайтарып алу үшін сотқа жүгінді

фото: CC0 / Pexels / Cottonbro

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Қордай аудандық сотында тұрғынның бұрынғы сүйіктісінен 2,5 млн теңге өндіріп алу туралы арызы қаралды, деп жазады sputnik.kz.
Ер адам отбасын құру ниетімен шамамен 4-5 ай бойы әйелмен жақын қарым-қатынаста болғанын атап өтті. Ол келіншекке және оның екі баласына қаржылық қолдау ретінде ақша жіберіп отырған. Ал байланыс тоқтатылғаннан кейін барлық ақшаны қайтаруды талап етеді. Бірақ әйел қайтарудан бас тартып, оны бұғаттап тастаған.
Сотта ер адам жауапкерден 2,5 млн теңге және мемлекеттік бажды өндіріп алуды сұрады. Әйелдің айтуынша, ол өз еркімен материалдық көмек көрсетуге келіскен, ақшаны дәрі-дәрмекке, киімге және басқа да шығындарға жұмсаған.
"Сот талап қоюшының ақшаны өз еркімен аударғанын және өтеусіз материалдық көмек сипатында болғанын анықтады. Қайтарымдылық не тараптар арасында шарттық міндеттемелердің болуы туралы дәлел берілген жоқ. Сот шешімімен арызды қанағаттандырудан бас тартылды", - делінген хабарламада.
Шешім заңды күшіне енді.