Татьяна Савельеваның Құрылтай депутаты ретіндегі өкілеті тоқтатылды

0
205

Татьяна Савельеваның қаржы саласындағы еңбек өтілі – 50 жыл.


Татьяна Савельеваның Құрылтай депутаты ретіндегі өкілеті тоқтатылды

Ulysmedia коллажы

ERNUR.KZ. Құрылтайдың жалпы отырысында Татьяна Савельеваның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қаралды, деп жазады ulysmedia.kz.

Орталық сайлау комиссиясына 6 қазанда Татьяна Савельеваның депутаттық өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші түскен. Осыған байланысты ОСК оның өкілеттігін тоқтату туралы ұсыным енгізді.

Құрылтайдың жалпы отырысында депутаттар Орталық сайлау комиссиясының ұсынымын қолдады. Нәтижесінде Татьяна Савельеваның Құрылтай депутаты ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Отырыс барысында Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Татьяна Савельеваға заң шығару саласындағы еңбегі үшін алғыс білдірді.

– Сіздің жаңа жауапты қызметіңізде табыс пен жетістік тілейміз, – деді Айбек Дәдебай.

Татьяна Савельева

Татьяна Савельеваның қаржы саласындағы еңбек өтілі – 50 жыл. Білімі бойынша экономист. Еңбек жолының едәуір бөлігін бюджет және қаржы мәселелеріне жауапты мемлекеттік органдарда өткізген.

Ол Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, кейін Қаржы министрлігінде қызмет атқарды. 2016 жылы қаржы вице-министрі болып тағайындалып, бұл қызметті жеті жылға жуық, яғни 2023 жылғы наурызға дейін атқарды.

Одан кейін Парламентке ауысты. 2023 жылғы наурыздан бастап Мәжіліс депутаты болды, кейін Қаржы және бюджет комитетін басқарды. Жазда Құрылтай құрылғаннан кейін Татьяна Савельева жаңа заң шығарушы органның депутаты ретінде мандат алды.