Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Фото: parlam.kz
ERNUR.KZ. Тиісті өкімге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
— Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Михайловна Савельева Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген құжатта.
Еске салайық, бүгін, 2026 жылғы 7 қазанда Құрылтайдың жалпы отырысында депутат Татьяна Савельеваның өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылғанын жазғанбыз.
Құрылтайдың жалпы отырысында депутаттар аталған ұсынымға қолдау білдірді.
Сондай-ақ Әскер Бейсенов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылған болатын.


