Бүгін өткен екінші сот отырысында айыптаушы тарап оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Фото: instagram.com/saktaganovnurymbet
ERNUR.KZ. Өскеменде бұрынғы әкім, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп жазады stan.kz.
Бүгін өткен екінші сот отырысында айыптаушы тарап оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Прокурордың мәліметінше, сотталушы алаяқтық және пара алу күдігімен айыпталып отыр. Сонымен қатар, оны мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айыру ұсынылды.
Жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайлар да ескерілген. Атап айтқанда, Жақсылық Мұқашұлының бұрын сотталмағаны және жеті баланы тәрбиелеп отырғаны айтылды. Ал ауырлататын жағдай ретінде мемлекеттік қызметші антын бұзғаны көрсетілді.
Айта кетейік, бұл іс бойынша жәбірленуші соттан Жақсылық Омарды бас бостандығынан айырмауды сұраған. Қазір сот талқылауы жалғасып, үкім әлі шыққан жоқ.


