​Вице-президенттің тағдыры Құрылтайдан кейін шешіледі – Әшімбаев

0
165

Ол түпкілікті шешімді Қазақстан Президенті қабылдайтынын атап өтті.


​Вице-президенттің тағдыры Құрылтайдан кейін шешіледі – Әшімбаев

ERNUR.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенат кулуарында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп жазады baq.kz.

Журналистер Сенат төрағасынан "вице-президент кім болады?" деп сұрады.

Мәулен Әшімбаевтің айтуынша, бұл мәселе Мемлекет басшысының құзыретіне жатады.

Жаңа Құрылтай сайланғаннан кейін Мемлекет басшысы тиісті шешім қабылдайды. Заңға және жаңа Конституцияға сәйкес шешімдер қабылданады. Бұл мәселелердің барлығы Конституциямызда нақты көрсетілген, – дейді Сенат төрағасы.

Ол түпкілікті шешімді Қазақстан Президенті қабылдайтынын атап өтті.