Біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері 100-200 мың көлемінде болады.
фото: Sputnik/Ертай Сарбасов
ERNUR.KZ. Ұлытау облысында 9 Мамыр – Жеңіс күніне орай жүздеген адамға біржолғы төлем беріледі, деп жазады sputnik.kz.
Облыс әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері 100-200 мың көлемінде болады. Оны бірнеше санатқа кіретін азаматтарға таратады. Олар:
тыл еңбеккерлеріне - 200 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектерінің жұбайларына - 100 000 теңге;
концлагерьлердің, геттолардың және өзге де мәжбүрлі ұстау орындарының тұтқындарына - 200 000 теңге.
"Төлемдер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылып, азаматтардың есепшоттарына 25 сәуір мен 7 мамыр аралығында аударылады", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, қазіргі кезде облыс бойынша 317 тыл еңбеккері, 19 Ұлы Отан соғысында қайтыс болған қатысушылардың жұбайлары және 2 концлагерь тұтқыны тұрады.


