Кішкентай қыздың денесі беліне дейін сыртқа шығып тұрған.
Фото: видеодан алынған скрин
ERNUR.KZ. Талдықорғанда полиция қызметкерлері ЖБО камералары арқылы баланы тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын анықтады, деп жазады inform.kz.
Кішкентай қыздың денесі беліне дейін сыртқа шығып тұрған. Аталған факті бойынша жүргізуші, яғни баланың әкесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, мұндай әрекетке жол берілмейтінін түсіндірді.
Жүргізушіге балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау және баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға жол бермеу қажеттігі ескертілді.
Полиция ескертеді: балаларды тасымалдау кезінде барлық қауіпсіздік талабы қатаң сақталуы тиіс. Ата-аналар мен жүргізушілер баланың өмірі мен денсаулығына жауапты. Сондықтан баланы көлікпен тасымалдау кезінде оның қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету қажет.


