ҰҚДС семіздікпен күрес жүйесін әзірледі

0
96

Семіздік – қазір әлемдегі маңызды мәселелердің бірі, ол ерекше назар аударуды қажет етеді.


ҰҚДС семіздікпен күрес жүйесін әзірледі
ERNUR.KZ. Қазақстанда 6-9 жас аралығындағы әрбір бесінші балада артық салмақ бар, олардың 6,6%-ы семіздікке шалдыққан. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы оның себептерін халықаралық сарапшылармен бірлесіп зерттеді. Сонымен қатар жүргізілген сауалнама халықтың 77,6%-ы балалардағы артық салмақты қалыпты жағдай ретінде қабылдайтынын көрсетті. Бұл туралы ҚР ДСМ «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасы Эрик Байжүнісов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы халықаралық тәжірибені зерделей отырып, семіздікпен күресудің жаңа жүйесін әзірледі. Атап айтқанда, құрамында қант бар сусындарға мақсатты акциздер енгізу ұсынылуда. Бұл – шамамен 100 теңге көлеміндегі шағын сома. Осы қаражатты қантты сусындарды сатудан түсіру жоспарлануда. Үш жыл ішінде шамамен 420 млн теңге жинауға болады. Талдау көрсеткендей, БАҚ-тағы жарнаманың 22%-ы қантты сусындарға, тағы 17%-ы фастфудқа қатысты. Жиналған қаражатты семіздікпен, темекі шегумен, алкоголизммен күреске, сондай-ақ пайдалы өнім шығаратын өндірістерді және салауатты өмір салтын насихаттайтын телебағдарламаларды субсидиялауға бағыттау ұсынылады. Финляндия тәжірибесі соңғы 30 жылда бұл елде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің 80%-ға төмендегенін көрсетеді. Біз бұл мәселені шешуге барлық күш-жігерімізді бағыттаймыз», – деді спикер.

Эрик Байжүнісовтың айтуынша, 1-7 сәуір аралығында Қазақстанда денсаулық күндері аясында мектептерде Ашық есік күндерін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Қонақ ретінде спортшыларды, белсенділерді, қоғам қайраткерлерін шақыру көзделіп отыр, олар жас ұрпаққа маңызды ойларын жеткізеді.