Трамп Нетаньяхуға Ливанда тек "нақты" соққылар жасауды ұсынды

0
100

Трамп Ливандағы жағдайға Иранды кінәлады.


Трамп Нетаньяхуға Ливанда тек

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға Ливанда ауқымды соғыс қимылдарын қайта бастамай, тек "нысаналы" әскери әрекеттермен шектелу керектігін айтты. Бұл туралы ол Axiosбасылымына берген телефон арқылы сұхбатында мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Бұл мәлімдеме қазіргі жағдайдың қаншалықты шиеленісті екенін көрсетеді. Трамптың арағайындығымен қол жеткізілген Ливандағы бітім келісімі толық сақталмай отыр. Израиль мен Ливан тараптары келісім мамыр айының ортасына дейін бұзылып кетуі мүмкін деп алаңдап отыр.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио екі елдің елшілерімен бірнеше рет кездескенімен, Израиль мен Ливан арасындағы бейбіт келіссөздерде айтарлықтай ілгерілеу байқалмаған.

Ақ үй әкімшілігі Ливандағы бітімнің Иранмен байланысты емес екенін айтқанымен, өңірде соғыстың қайта тұтануы Тегеранмен дипломатиялық қатынастарды одан әрі қиындатуы мүмкін.

Мен Нетаньяхуға дәл әрекет ету керектігін айттым. Ғимараттарды қиратуға болмайды. Бұл тым қорқынышты және Израильдің беделіне нұқсан келтіреді, – деді Трамп.

Сондай-ақ ол Ливанға оң көзқараста екенін атап өтті. Оның айтуынша, ел "қайта жандануы мүмкін".

Трамп Ливандағы жағдайға Иранды кінәлап, "Иран Ливанды күйретті. Олардың сенімді серігі – "Хезболла" да елді күйретті. Егер Иран әлсіресе, "Хезболла" да әлсірейді" деп мәлімдеді.

Соған қарамастан, Трамп әкімшілігінің өкілдері АҚШ-тың араласуымен қол жеткізілген бітім толық күйреп жатыр деген пікірді жоққа шығарып отыр.