Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

0
64

Республика басшысы экономикалық мәселелер жөніндегі жаңа көмекшіні тағайындады.


Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

фото: Акорда

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігін кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп жазады sputnik.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар республика басшысы экономикалық мәселелер жөніндегі жаңа көмекшіні тағайындады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп хабарлады Ақорда.