Марқұм небәрі 23 жаста болған.
Фото: instagram.com/rustemova_aliya
Астанада қайтыс болған фельдшер Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 18 қарашада Астанада жедел жәрдем фельдшері қайтыс болды. Ол тұрғын үйдің қасбеті мен кондиционер құлаған кезде зардап шеккен еді. Бұл жайт 8 қарашада болды.
Марқұм небәрі 23 жаста болған.


