Теміртауда жаңажылдық безендіруді бүлдірген ер адам 10 тәулікке қамауға алынды

0
117

Сот шешімімен құқық бұзушыға 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.


Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Теміртауда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі шыршаны өртеп жіберген ер адам 10 тәулікке қамалды, деп жазады Stan.kz.

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, Теміртау қалалық әкімшілік сотында 33 жастағы қала тұрғынына қатысты іс қаралды. Сот шешімімен құқық бұзушыға 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.