Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Теміртау қаласындағы «Айгөлек» балабақшасында тәрбиешінің бүлдіршінге қол көтерген сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Қазіргі уақытта полиция қылмыстық іс қозғады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Болған оқиға туралы жәбір көрген қыздың анасы әлеуметтік желіде айтып берген. Содан кейін 36 жастағы тәрбиеші ұсталып, бөлімшеге жеткізілді. Айта кетерлігі, бұл инцидент бойынша ата-аналардан полицияға ресми арыз түспеген.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді қатыгездікпен қатар орындамау немесе тиісінше орындамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады полиция департаментінен.
Сонымен қатар, Теміртау қалалық білім бөлімі арнайы комиссия құрылғанын және жан-жақты объективті тексеру үшін қызметтік тергеу басталғанын мәлімдеді.


