Шалқардағы мектеп оқушысының өлімі: үш күдікті ұсталды

0
77

Бұған дейін бір күдікті ұсталғаны хабарланған еді, тағы екеуі қамауға алынып отыр.


Шалқардағы мектеп оқушысының өлімі: үш күдікті ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков

ERNUR.KZ. Шалқар қаласында 17 жастағы Әлихан Жәнібектің өліміне қатысы бар деген күдікпен үш адам қамауға алынды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, оқиға куәгерлері мен басқа да қатысушылары анықталды.
"Қазіргі уақытта үш күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмысты ашу үшін тәжірибелі тергеушілер мен жедел қызметкерлерден құралған тергеу тобы құрылды", - дейді полицейлер.
17 жастағы мектеп оқушысының өлімі бойынша адам өлтіру және бұзақылық баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Айта кетері, Әлихан Жәнібек жаппай төбелес кезінде пышақ жарақатынан көз жұмды.